Жаңалықтар

Түркияның орталық бөлігінде тағы жер сілкінді

Түркияның орталық бөлігінде тағы жер сілкінді

Түркияның орталық бөлігінде тағы жер сілкінді Түркияның орталық бөлігіндегі Кония провинциясында 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы түріктің Төтенше жағдайлар салдарын жою басқармасы (AFAD) ақпарат таратты. Жер асты дүмпулері 24 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 17: 01 тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Эрегли ауданында 7 шақырым тереңдіктен тіркелді. Кония әкімшілігінің Twitter-дегі хабарламасына сүйенсек, құрбандар мен қирандылар тіркелмеген.