Жаңалықтар

Түрмеде жатып, 25 млн теңге ұрлаған

Түрмеде жатып, 25 млн теңге ұрлаған

Алматы облысының прокуратурасы жазасын өтеп жатқан ер адамның интернет-алаяқтықпен айналысқанын анықтады. Ол екі жарым жыл бойы 25 миллион теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық жасаған.  Тергеу кезінде 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді. Ол WhatsApp арқылы қоңырау шалып, хат жазысып отырған. Колония қызметкерлерінің әрекетсіздігін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексереді.