дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түрмеге есірткі алып кірмек болған

Түрмеге есірткі алып кірмек болған
ашық дереккөзі
Түрмеге есірткі алып кірмек болған
Үстіміздегі жылдың 15 шілде күні мекеменің жедел және режим бөлімдері мен 5513 әскери бөлімі қызметкерлерінің кезекті рет қамаудағыларға келіп түскен сәлемдемені тексеру барысында күдікті заттар көзге ілінді. Кіруге тиісті заттарды жіті тінту кезінде қоңыр түсті аяқ киімнің өкшесінің ішінен 9 дана целлофан пакетіне оралған жасыл түсті, спецификалық иісі бар, өсімдік тектес белгісіз масса және де 1 данасы аса қулықпен тығылған целлофан пакетіне оралған, ақ түсті спецификалық иісі бар заттар анықталды. Атаулы сәлемдеме Тараз қаласы, Көшеней көшесі 65 үйінде тұратын 1985жылы туылған азамат М. М. М.-дан осы мекемеде жазасын өтеп жаткан сотталған Т. Е. Ж.-ге жолданыпты. Тәркіленген затты анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған факт бойынша процессуалдық шешім қабылдау және анықтау үшін Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің 1-полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып ұсталған азамат ары қарай тиісті жазаға тартылу үшін ұсталып табысталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар