Жаңалықтар

ТҮРМЕГЕ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР

ТҮРМЕГЕ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР

13.02.2022 ж. сағат 05.30 шамасында №58 мекемесінің жедел бөліміне түскен жедел ақпаратына сай, кезекші топ пен 5513 әскери бөлімінің  қызметкерлерімен №3 учаске №5-6 бекеттер аралығында «М» есімді Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Бұл азамат бұрын осы  №58 мекемесінде ұрлық бойынша жазасын өтегені анықталып отыр. Жеке тінту барысында одан  4 дана ұялы телефон және 4 дана  қуаттағыш құрал,  6 бірлік SIM картамен бірге белгісіз сипаттағы 150 дана  дәрі тәркіленген. Дәрі сот медициналық сараптамаға жіберілді.  Қорытындысы күтілуде.  width= Құқық бұзушыны дер кезінде құрықтауға түзеу мекемесінің аумағына  орнатылған бейне таспалар септігін тигізген.