дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Төрт адамның өмірін сақтап қалған 18 жастағы марқұм-донордың әкесі марапатталды

Төрт адамның өмірін сақтап қалған 18 жастағы марқұм-донордың әкесі марапатталды
Сурет ашық дерекөзден алынды
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова төрт пациенттің өмірін сақтап қалған туыстарымен кездесті

Ведомство басшысы жақын адамынан айырылған донордың туыстарына көңіл айтты,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Сіздің батыл және жоғары адамгершілік әрекетіңіз бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді, ауыр аурудан зардап шеккендерге жаңа мүмкіндік пен үміт сыйлады. Сіздің тарапыңыздан мейірімділік пен тектіліктің үлгісі біздің отандастарымызды, медициналық қоғамдастықты, пациенттерімізді игі істер жасауға шабыттандыруы мүмкін» – деді Ақмарал Әлназарова.

Министр донордың әкесі Игорь Войнюшке «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыс етті. Сондай-ақ кездесуге донордың әпкесі Евгения Юнусова қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы Войнюш Максим Игоревич қайтыс болғаннан кейін донор болды. 2024 жылдың 15 шілдесінде ол ЖКО-дан кейін Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл жеткізілді. Максим мопедті басқарып келе жатып көлікпен соқтығысып, салдарынан ауыр жарақат алады. Дәрігерлердің күш-жігеріне және қарқынды терапияға қарамастан, оның жағдайы өте ауыр болған. 2024 жылдың 23 шілдесінде ВЭЭГ-мониторингінің нәтижелері бойынша мидың қайтымсыз өлімі расталды. Туыстарымен әңгімелесуден кейін органдарды алуға келісім алынған.

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар