Жаңалықтар

Төрт өңірде мұғалімдердің жалақысы 790 мың теңге болмақ

Төрт өңірде мұғалімдердің жалақысы 790 мың теңге болмақ

Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарына басқа өңірлерден баратын мұғалімдер екі есе жоғары жалақы алады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Жоба аясында 4 өңірге 2 мыңға жуық мұғалімді тарту үшін 3,9 млрд теңге көзделген. «Осы қарастырылып отырған 3,9 млрд теңге екі мәселені де қамтып отыр. Біріншіден, мұғалімдердің екі есе жалақы алуы және бұған қоса тұрғын үй жалдау мен коммуналдық шығындарды төлеу ескерілген. Мәселен, Мұнайлы ауданына көшіп баратын мұғалім қыркүйек айында жалақы алатын болса, онда оның жалақысы 790 мың теңгеге жуық болады. Сол 790 мыңның 140 мыңға жуығы коммуналдық шығындар болады, ал 650 мың теңгеге жуығы - мұғалімнің өз жалақысы», - деді министр