сәрсенбі, 2 қазан, 2024 5:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәртіп сақшылары бүлдіршінді қуантты

Тәртіп сақшылары бүлдіршінді қуантты
ашық дереккөзі
Тәртіп сақшылары бүлдіршінді қуантты
Қоңыр күздің алғашқы күнінде еліміздің барлық білім беру ошағы оқушыларға есігін айқара ашты. Бұл күні мыңдаған бүлдіршін алғаш рет мектеп партасына отырса, өзгелері сыныптастарын көріп мәре-сәре болары анық. Дәл осындай қуанышты күнде әрбір оқушы мұнтаздай таза киініп, қажетті құрал-жабдықпен қол жеткізуді қалайды. Алайда, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларының кейбірінде мұндай мүмкіндік жоқ. Осы тұста оларға қайырымды жандар көмекке келеді. Жарқын болашаққа қадам басқан бір бүлдіршінді жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қуанышқа бөледі. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының бастамасымен жүзеге асқан игі шараға жеке құрам қызметкерлері де қолдау білдірген. Осыдан соң, №39 орта мектептің тағы бір оқушысы қажетіне қол жеткізді. Айта кетейік, тәртіп сақшылар бұған дейін дәл осы білім ошағының бір оқушысын қуантқан еді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар