Жаңалықтар

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТЕҢБІЛ ДОП САЙЫСЫНДА

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТЕҢБІЛ ДОП САЙЫСЫНДА

30-тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, «Локомотив» стадионында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері арасында  шағын футболдан облыстық турнир өтті.  width= Негізгі мақсат – қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын пысықтап, спорттық және жауынгерлік шеберліктерін арттыру болып табылады. Сондай-ақ, жаппай салауатты өмір салтын насихаттау. «Дені саудың –тәні сау» дегендей, полицейлерден құралған командалар жарыстың алғашқы сәтінде-ақ бір-бірінен шеберліктері арқылы асып-түсіп, жеңіске жету үшін барын салып ойнады. Тартысты ойын өрнегін көрсеткен полицейлер арасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар алға суырылып шықты. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, №58 мекеме екінші орынды иеленді.  width= Жалпы футболға №58, №25,№26, №59, №67 мекеме мен пробация қызметкерлері, сондай-ақ, ардагерлер қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша іс-шараға белсене қатысып, жеңімпаз болған командалар марапатқа ие болды.