Жаңалықтар

Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Жоба құны 249,2 млн теңгені құраған

Республика күніне орай Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында 15  келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл ауданда соңғы жылдары салынып, ел игілігіне берілген үшінші – медициналық пункт. Одан бөлек, қазіргі уақытта Қорағаты станциясы мен Ақбұлақ ауылдарында да дәл осындай нысандардың құрылысы жүргізілуде.

Ауданның даму жоспарына сәйкес 2027 жылға дейін тағы 5 медициналық пункт салу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы облыста денсаулық сақтау ұйымдарының тозуын 40,3%-дан 39,0%-ға дейін төмендету үшін 26 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде - 20 нысан бой көтереді.

Бүгінде, 3 медициналық нысан халық игілігіне берілді.