Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Ескеев, департаменттің тәрбие бөлімінің бас маманы әділет майоры Айгүл Танашева және Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері мен ЖД-158/1 мекемесінің психолог мамандары кәмелет жасқа толмаған тергеудегі жасөспірімдерді жеке қабылдады.
Қабылдау барысында оларға құқықтары мен міндеттерін қорғау жөнінде кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ олардың тарапынан қойылған сұрақ-сауалдарға толыққанды жауап берілді. Айта кетейік, аталған жасөспірімдер жыл басында облыс орталығында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілініп, тергелуде. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі