Түскі тамаққа берген ақшаға Түркияға көмектеспек болған шымкенттік оқушы марапатқа ие болды
Түскі тамаққа берген ақшаға Түркияға көмектеспек болған шымкенттік оқушы марапатқа ие болды
5-сынып оқушысы Павел Падров ата-анасы түскі асқа берген ақшаға макарон сатып алып, гуманитарлық көмек жинаған волонтерлерге алып келген. Баланың қайырымдылығы назардан тыс қалмады. Премьер-министрдің өзі оған алғыс білдірді. Ал Шымкент қаласының басшысы оны анасымен бірге шақырып, планшет сыйға табыстады. Анасына бір шоқ гүл мен блендер сыйға тартылды.