Төтеншеліктер Байзақта ашық есік күнін өткізді
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Сарыкемер ауылы №8 өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға Байзақ ауданы Білім бөліміне қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Қатысушыларға өрт сөндіру техникалары мен арнайы жабдықтар таныстырылып, өрт сөндіру бөлімінің қызметі бойынша арнайы экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында оқушылар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін, құрал-саймандарын, арнайы автокөліктерін көріп, олардың атқаратын қызметі мен жұмыс істеу тәртібі туралы толық ақпарат алды. Кездесу оқушылардың қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.