«Тәтті қыз»:Ләйлә Сұлтанқызы қыз асырап алған ба?
Ләйлә Сұлтанқызы кішкентай қызбен көзге түсті
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде "Қызыма тілек" деген жазба жариялап оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ләйлә Сұлтанқызы кішкентай қызбен қол ұстасып түскен суретін жариялап, жүрекжарды тілегін жазған.
«"Жаратқан сені бізге тым ерекше сый қылып берді. Менің саған айтарым:
- Өмір жолы сені адастырмасын!
- Білімді бол!
- Қуана біл!
- Болашағың жарқын болсын!
- Қалауыңның бәрі орындалсын!» - деп жазған ол оқырмандарынан тілекті жалғасыра кетуін сұраған.
Ал Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандары суреттегі қыздың кім екенін қызу талқылап, кішкентай қызға ақ тілектерін жазған.
«Ләйлә ханым, қыз асырап алғансыз ба?, «Тәтті қыз екен», Ләйлә, бұл қыз өзіңізге қатты ұқсайды екен» деп жазған.