"ТҮЙТЕ" КАНАЛЫНА ҚАТЫСТЫ РЕСМИ ЖАУАП
БАҚ және әлеуметтік желілерде тарап жатқан Жамбыл облысы әкімінің рейдерлікке қатысы бар екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. «Түйте» каналы Тараз қаласындағы ирригациялық жүйелерге, арықтарға су жеткізу, жасыл желектерді қурап кетуден сақтаудағы негізгі канал болып табылады. Кезінде жекешеленіп кеткен «Түйте» каналы облыс орталығындағы каналдар жүйесінің күре тамыры саналады. Осыған орай, каналды реттеп, тазалау арқылы толық әлеуетін тиімді пайдалану үшін оны коммуналдық меншікке қайтару маңызды. Бұған дейін бұл бағытта қаржы қаралғанымен, жұмыстар нақты нәтиже бермеген. Өткен жылы мамандармен қаладағы қураған ағаштар бойынша 919 акт, ағымдағы жылдың 5 айында 312 акт жасалғаны соның дәлелі. Бүгінгі таңда заңсыз жекешелендірілген мүлікті коммуналдық меншікке қайтару шеңберінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлескен шаралар жалғасуда. Барлық жұмыстар заң аясында жүзеге асуда. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы азаматтық іс Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сатысында қаралуда. Тұрғындарды және БАҚ өкілдерін тек ресми мәліметке сүйенуге шақырамыз.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы
Данияр Асқарұлы
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала