Жаңалықтар

«Түзеу мекемесіндегі психологтар арасындағы тәжірибе алмасу арқылы өзара көмек»

«Түзеу мекемесіндегі психологтар арасындағы тәжірибе алмасу арқылы өзара көмек»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 21 ақпанында мекемедегі сотталғандарға өзара көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілді. Жұмыс барысында психологтар түрлі әдістемелерді пайдалананды. Мәселен, «Мафия» ойыны арқылы  ұжыммен жұмыс жасай білуге, бір-бірімен сенімді қарым-қатынас орнатуға, адамды тани біле отырып, сенімдік танытуға үйрете отырып есте сақтау қабілетін, сөз байлығын, ойдың шоғырлануын, логиканы, зейінді аудару қабілеттерін дамытатын интеллектуалдық топтық ойыны жүргізілді. Арт терапия, «Мандала», «МАК» метафоралық ассоциативті карталары, «Өмір тепе-теңдігі дөңгелегі» әдістемелері күшті эмоциялар мен ішкі қақтығыстардан шығу жолын табуда, жағымды әсер қалдыра отырып түзету процесін жеңілдетеді.  Қатысушылардың өзін-өзі бағалауын, сонымен қатар отбасы мүшелеріне, өздеріне деген көзқарасын өзгерту, қарым-қатынастағы қындықтарды қабылдауын арттыруға көмектеседі. Психокоррекциялық жұмыстар нәтижесінде сотталғандар жаттығулар мен жалпы әңгімелесу арқылы ішкі қорқыныш сезімдерін жеңе білуге, жалпы тұлғаның дамуына, шынайылылықты қабылдауға үлкен ықпалын тигізді. Әртүрлі ұсталу жағдайындағы сотталғандармен жұмыс жасайтын психологтардың өзара көмек және тәжірибе алмасу тұрғысында жүргізген бірлескен жұмысы үлкен қызығушылық пен ынтымақтастық үшін әртүрлі нысандарындағы жұмысты тиімдірек ұйымдастыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Форматтары әртүрлі мазмұндағы тапсырмалар, сотталғандармен жұмыс жасауда жан-жақты және нәтижелі болды.