Жаңалықтар
«Түзеу мекемесіндегі сотталған азаматтарға заңды көмек»
- авторjambylinfo.kz
- 1 шілде, 2023
- 280
«Түзеу мекемесіндегі сотталған азаматтарға заңды көмек»
2023 жылдың маусым айында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және Заң консультациясы палатасымен бірлесіп сотталғандарға білікті заң көмегін көрсету мақсатындағы меморандум негізінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға 2023 жылдың 30 маусымында заң тарапынан білікті көмек көрсетілді.
Осы орайда, заң консультациялары палаталарының өкілі Б.К.Оразымбетов, департамент өкілі әділет подполковнигі А.С.Танашева және қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Д.Р.Халидовтың қатысуларымен азаматтық сот ісін жүргізуде сотталғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Аталған іс-шара сотталғандардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүдделерін қорғау құқығында Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген мақсатта жүзеге асырылды.
Өткізілген іс-шара барысында сотталғандардың жеке сұрақтарымен, атап айтқанда рахымшылық жасау, атқару парағын қалпына келтіру, жұмысқа орналастыру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу және т.б. мәселелер бойынша кеңестер берілді.Сотталғандар көкейінде тұрған сұрақтарды қойып, өз мәселелерін шешуде қанағаттанарлық жауаптарын алды.
ҚР ІІМ ҚАЖК «№ 58 мекеме» РММ САТжӘПЖ бөлімінің
инспектор теологы
әділет аға лейтенанты
Садуақас Қияшұлы Тоқсанбаев
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз