дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түзеу мекемесіндегі сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату

Түзеу мекемесіндегі сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату
ашық дереккөзі
Түзеу мекемесіндегі сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату
Түзеу мекемесіндегі сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59-мекемесінде ауыр және өте ауыр қылмыстар бойынша бас бостандығынан айырылған сотталғандар жазасын өтеуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 72-бабының талаптарына сәйкес, жасаған қылмыстарының ауырлығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға жатады. Осы бағытта аталған мекемеде арнайы есеп бөлімі қызметкерлерімен жан-жақты жұмыстар жүргізіледі. Яғни, мекемедегі жазасын өтеуші ҚР ҚК-нің 72-бабы бойынша қолдаухат келтірген жағдайда, ҚР Қылмыстық іс-жүргізу Кодексінің 480-бабы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес, сотталғанға қатысты толық мәліметтер тіркеліп, сотқа жолданады. ҚР ҚІК-нің 480-бабы 2-бөлігінде, жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа заңды шешім қабылдау үшін маңызы бар, сотталған адамның сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеген мерзімін растайтын материалдарды, оның қылмыс арқылы келтірген залалды өтегені туралы мәліметтерді, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы туралы мәліметтер, оның жаза өтеу уақытындағы мінез-құлқын сипаттайтын егжей-тегжейлі деректер. Сондай-ақ, сотталған адамның босап шыққаннан кейін болжамды тұратын орны мен оның жұмысқа орналасу перспективасы туралы мәліметтерді сотқа ұсынады деп көрсетілген. Осындай сұрақпен мекемеде жазасын өтеушінің туысы өтініш білдірді. Өтініш білдірушіге қолдаухатқа қосымша тіркелетін құжаттар тізімімен таныстырылып, яғни, сотталғанның туысы тарапынан оның босап шыққаннан кейін олармен бірге тұруына қарсы еместігі туралы келісімхаты мен сотталғанды жұмысқа орналастыру кепілдеме хаты қажет етілетіндігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар