Жаңалықтар

Тәжікстанда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

Тәжікстанда 5,7 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі 9 наурызда Алматы уақытымен 07:36-да тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында жатыр. Энергетикалық санаты – 11.7. MPV магнитудасы - 5.7. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.