Жаңалықтар

Тәжікстанда қар көшкінінен 14 адам көз жұмды

Тәжікстанда қар көшкінінен 14 адам көз жұмды

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің (ТЖҚ) хабарлауынша, Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысының Хорог қаласында қар көшкіні жүріп өтті. «13 адам қаза тапты, ал Душанбе-Варзоб тас жолының 65-шақырымында (Варзоб ауданы) бір жүргізуші көз жұмды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.