Жаңалықтар

Тәжікстанда табиғи апат: 17 үйге зақым келді

The final spritzer

Адам шығыны жоқ

Бүгін, 13 сәуірде болған жер сілкінісі салдарынан Тәжікстанда 17 үй жартылай қирады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz. tass.ru сілтеме жасап.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Тәжікстанның Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті зардап шеккен ғимараттардың барлығы Рашт ауданының төрт ауылында орналасқанын нақтылаған.

Сондай-ақ, құзырлы ведомство жер сілкінісінің ошағы - Рашт ауданында бес балдық, Душанбеде үш балдық жер сілкінісі тіркелгенін де нақтылады.

Тәжікстанда 13 сәуірде таңертең болған жер сілкінісін Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше қалалар мен ауылдар тұрғындары да сезді. ҚР ТЖМ ақпараты бойынша, еліміздің аумағында жер асты дүмпулерінің тербелісі екі-үш балды құрады.