Жаңалықтар
Тағы 2 саяси партия мәжіліс сайлауына қатысуы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 21 қаңтар, 2023
- 1.5k
Тағы 2 саяси партия мәжіліс сайлауына қатысуы мүмкін
«Бүгінгі күнге елімізде жеті саяси партия тіркелген. Егер 8 ақпанға дейін тағы да қосымша партиялар тіркеліп жатса, олар да сайлауға қатыса алады», - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов брифингте.
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қазір 2 саяси партия тіркеу сатысында тұрғанын айтты. Олар - «Ел тағдыры» және «Ұрпақтар жалғастығы» партиялары.
"Олардың жеделдігіне байланысты, егер ол 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады. Қазір олар келесі кезең – съезд өткізуі керек», - деді ол.
Айта кетсек, бүгін Орталық сайлау комиссиясының шешімімен сайлауға қатысуға 7 саяси партия жіберілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала