дүйсенбі, 25 қараша, 2024 5:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тағы бір университет лицензиясынан айырылуы мүмкін

Тағы бір университет лицензиясынан айырылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Тағы бір университет лицензиясынан айырылуы мүмкін
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиядан айырылу алдында тұр. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қайта тексеру жұмыстары осындай нәтиже көрсетті.
Бұрын жоғары оқу орнында профилактикалық бақылау жүргізілді. Нәтижесінде, тексеру парағының 46 тармақтан 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды. Университетке сәйкессіздіктерді жою үшін уақыт берілді, алайда қайта тексеру жұмыстары жоғары оқу орны білім беру қызметінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізбегенін көрсетті. «Біз елімізде білім беру сапасы мен кадрлар даярлауды жақсарту үшін жоғары оқу орындарында тексерулер жүргіземіз. Егер университеттер қажетті талаптарға сай болмаса, онда ертең білімі мен біліктілігі төмен, еңбек нарығына жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес келмейтін мамандар шығады. Бұл ретте жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт береміз, алайда олар кемшіліктермен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты кейінірек қатаң шаралар қолдануға тура келеді. Университеттердің оқу жағдайларын, білім беру бағдарламаларын және тұтастай алғанда, студенттерді белгілі бір мамандықтарға оқытуға деген көзқарасын жақсартуы үшін бұл өте маңызды. Әйтпесе, жоғары оқу орындары сапалы білім емес, тек дипломдар беретін болады. Мысалы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады. Оқу процесінде тіпті ең төменгі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ескірген компьютерлер қолданылады. Бейіндік магистратура түлегіне ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесін беру бойынша бұзушылықтар да анықталды. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен бір жылдық магистратура түлегіне екі жылдық магистр дәрежесі берілді. Бұлар жоғары оқу орнында анықталған бұзушылықтардың аз ғана бөлігі», деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова. Анықталған бұзушылықтарға байланысты Комитет Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясының қолданылуын тоқтатты. Бұдан әрі бас лицензиядан айыру және жоғары оқу орнын жабу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Заңнамаға сәйкес лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда студенттер университеттің анықталған бұзушылықтарды жоюын күтпей-ақ, басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар