Жаңалықтар

Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді

Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді

1 шілдеден бастап олардың жалақысына 100% үстемеақы қосылады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген.  Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады. Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды.  Жалпы осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі.