Табысы төмен қазақстандықтарға несие беру талаптары күшейтілмек
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 16 ақпан, 2025
- 204

Табысы төмен қазақстандықтарға несие беру талаптары қатаңдайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен жиын өткізді.
Жиын барысында қазақстандықтардың қарыздық жүктемесін азайту шаралары талқыланып, табысы аз азаматарға несие беру талаптарын күшейтуді қолға алмақ.
Ал қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді қарызын қайтара алмайтындарға несие бермеу үшін азаматтардың төлем қабілеттілігін мұқият тексеруді міндеттеуді ұсынды.
Айта кетейік, қаразын мерзімінен кешіктірген қазақстандықтардың берешегін одан әрі арттыруға шектеу енгізгісі келетінін жеткізді.
Банктер проблемалық тұтынушылық несиелерді қайта құрылымдау жұмыстарын жалғастыруы керек. Яғни, қарыз алушылар қарызды өтеу кезінде қиындықтарға тап болған жағдайда, олар несиелердің шарттарын қайта қарастырады. Ең алдымен қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіледі, – делінген хабарламада.
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Ұқсас жаңалықтар
Henley & Partners 2025 жылғы паспорттар рейтингін жариялады
- авторjambylinfo.kz
- 13 наурыз, 2025