жұма, 11 қазан, 2024 3:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таксиге отырған 19 жастағы қыз жүргізушіні сан соқтырып көлігін ұрлап қашқан

Таксиге отырған 19 жастағы қыз жүргізушіні сан соқтырып көлігін ұрлап қашқан
ашық дереккөзі
Таксиге отырған 19 жастағы қыз жүргізушіні сан соқтырып көлігін ұрлап қашқан
Талдықорғанда жолаушы такси жүргізушісінің көлігін заңсыз ұрлап кетті, деп хабарлайды Жамбылинфо EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Полицейлерге ұрланған шетел көлігін іздеуге көмек сұраған жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті. Белгілі болғандай, жолда келе жатып клиент жүргізушіден минералды су сатып алуды өтінді, оның сыртқа шыққанын пайдаланып, көлікті айдап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жәбірленушінің шетелдік көлігін Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінен тапты.
Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Күдікті тұлға ретінде біз 19 жастағы қызды ұстадық. Қазір іс жүзінде ҚР ҚК-нің 200-бабында (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) көзделген қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның жеке басын растайтын құжаттары болмағанын ескере отырып, ол уақытша қабылдау-тарату орнына жеткізілді, – деді Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Қайрат Баймұханов.
Жыл басынан бері аймақта 37 автокөлік ұрлау фактісі тіркелді. Барлық көліктер табылып, иелеріне қайтарылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар