Жаңалықтар

Таксиге отырған 19 жастағы қыз жүргізушіні сан соқтырып көлігін ұрлап қашқан

Таксиге отырған 19 жастағы қыз жүргізушіні сан соқтырып көлігін ұрлап қашқан

Талдықорғанда жолаушы такси жүргізушісінің көлігін заңсыз ұрлап кетті, деп хабарлайды Жамбылинфо EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Полицейлерге ұрланған шетел көлігін іздеуге көмек сұраған жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті. Белгілі болғандай, жолда келе жатып клиент жүргізушіден минералды су сатып алуды өтінді, оның сыртқа шыққанын пайдаланып, көлікті айдап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жәбірленушінің шетелдік көлігін Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінен тапты.

Жыл басынан бері аймақта 37 автокөлік ұрлау фактісі тіркелді. Барлық көліктер табылып, иелеріне қайтарылды.