Жаңалықтар

Талғат Ерғалиев президенттікке үміткер ретінде құжаттарын тапсырды

Талғат Ерғалиев президенттікке үміткер ретінде құжаттарын тапсырды

Орталық сайлау комиссиясына Талғат Файзуллиұлы Ерғалиевтің Қазақстан Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның кандидатурасын «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі ұсынған. Тапсырылған құжаттар тізбесі: 1. Қазақстан құрылысшылар одағы жоғары органы отырысының президенттікке ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; 2. Талғат Ерғалиевтің кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; 3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.