дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талапкерлер 4230 теңге төлеп, наурыздағы ҰБТ-ға қатыса алады

Талапкерлер 4230 теңге төлеп, наурыздағы ҰБТ-ға қатыса алады
ашық дереккөзі
Талапкерлер 4230 теңге төлеп, наурыздағы ҰБТ-ға қатыса алады
2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Жамбыл инфо ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тестілеудің өзі 14-30 наурыз аралығында өтеді. Бұл тестілеуге мына адамдар қатыса алады (ақылы оқуға түсу үшін): - мектептің 11 (12) сынып оқушылары; - мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, колледждің биылғы түлектері; - ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер; - шетелде білім алған түлектер, ҚР азаматы емес, шетелде білім алған ұлты қазақ адамдар. Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге. Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақыттыөзі таңдайды. Қосымша сұрақтар болса, мән-жайды мына нөмірлерден білуге болады: +7 (7172) 69 52 80, 69 50 96.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар