сенбі, 23 қараша, 2024 2:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талас ауданы, Ойық ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Талас ауданы, Ойық ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Талас ауданы, Ойық ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Ойық ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар. Олар Ойық, Сейілбек, Тұрымқұл ауылдары. Ауылдық округ бойынша 431 отбасы, 2 432 халық тұрады. (Ойық ауылында – 344 аула, 1 949 халық, Сейілбек ауылында – 49 аула, 263 халық, Тұрымқұл ауылында – 38 аула, 220 халық) Ауылдық округ бойынша  1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 47 шаруа қожалық, 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі және 10 азық – түлік дүкендері өз кәсібін жасауда. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 150 662 га. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер 144 618 га. Оның ішінде: егістік жерлері 2 386 га, шабындық жерлері 3 575 га, жайылымдық жерлері 138 657 га құрайды. Жеке қосалқы шаруашылық жерлері 6 044 га.           Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініш білдіріп, 1 ауыл тұрғыны 1 млн. 380 мың теңге қайтарымсыз қаржы алды.           Төмен пайызбен несие алу арқылы қаржыландыру 5 бағыты бойынша ТЖО (көлік жөндеу қызметі), көлікті өзін – өзі жуу жобасы қолдау тауып, 3 млн 950 мың теңге қаржысын алды. Қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында, ауылдық округ бойынша 431 ауланың қора-жайларына дизенфекциялық жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша 2023 жылғы жоспар 188 азамматты жұмыспен қамту көзделсе, бүгінгі таңда 144 азамат жұмысқа жолданды, яғни  белгіленген меже 77 пайызға орындалды. Ауылдық округ бойынша «Бизнес – бастау» кәсіпкерлік негізде 9 адам оқуын аяқтап, 2 адам жеке кәсібін ашты.            Округ бойынша құны 838 млн. 561 мың 330 теңгеге 14 көше 17,890 км күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылған. Ойық ауылы бойынша құны 227 млн. 741 мың 203 теңгеге 9 көше 7,210 км күрделі жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда Бейбіт би, Т.Рысқұлов көшесінен Ойық тұйық көшесі, С.Шәкіров көшесі, С.Шәкіров бұрылысы, Қ.Көпежанов, Қ.Көпежанов бұрылысы, Ж.Айтқұлов көшесі, Т.Рысқұлов көшесінен Т.Рысқұлов тұйық көшесі, және А.Құнанбаев көшелері.  Тұрымқұл ауылы бойынша құны 51 млн 762 мың 248 теңгеге 2 көше 1,6800 км күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда Жаңатоған, А. Иманов көшелері. Сейілбек ауылы бойынша құны 50 млн 734 мың 755 теңгеге 3 көше 1,470 км күрделі жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда  Кеңес, Ілебай – Датқа, Б.Битібаев тұйық көшелері. Сонымен қатар Ойық ауылына бұқаралық спортты дамыту мақсатында дене шынықтыру спорт кешенінің (ФОК) құрылысы басталды. "Samruk – Kazyna" әлеуметтік жобаларды қолдау қоры және «Qazaqgaz» өндіру және барлау ЖШС демеушілігімен 100 млн. теңге қаражат қарастырылып Ойық ауылының кіре берісіне (жолдың екі жақ бетіне) ағаш егетін орындар дайындалып, қоршауы салынып, 2 бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, суғару қондырғылары орнатылды. Ойық ауылында орналасқан «Жеңіс» саябағына жарық шамдары орнатылды, ауыл тұрғындарының демалуға арналған орындықтар және арнайы жолдар төселді. Аталған саябаққа волейбол ойын алаңшасы және «Street Workout» алаңшасы орнатылды. Сейілбек ауылы, Бөлтірік Шешен көшесінің бойынан кіші футбол алаңына жасанды төсеніші салынды. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауыл тұрғындарына және ауыл жастарына арнап «Street Workout» салынды. Ойық ауылы, С.Нұрғожаев көшесі бойынан жоба құны 3 млн. 232 мың теңге және Тұрымқұл ауылы, М.Мәметова көшесінің бойынан жоба құны 1 млн.799 мың теңге.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар