«Talas Investment Company» ЖШС зауытының екінші кезеңі жүзеге асуда
«Talas Investment Company» ЖШС зауытының екінші кезеңі жүзеге асуда
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Talas Investment Company» ЖШС директоры Мерей Омаровпен кездесті. Кездесу барысында серіктестің натрий цианидін өндіру зауытының екінші кезеңін жүзеге асыру барысы қаралды. Қуаттылығы жылына 30 мың тонна өнім болатын жоба аясында 250 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Осылайша кәсіпорын натрий цианидімен ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етіп, экспортты 10 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр. Ағымдағы жылы «Talas Investment Company» ЖШС зауытының екінші кезеңінің инфрақұрылымын жүргізуге республикалық бюджеттен 701644 мың теңге бөлінген. Басқосуда жобаның инженерлік-инфрақұрылымын жүргізуге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Облыс әкімі барлық мәселелерді шешуге қатысты жергілікті билік тарапынан қолдау шаралары жан-жақты жүргізілетінін жеткізіп, ол бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.