жұма, 20 қыркүйек, 2024 6:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таластың өнімдеріне сұраныс жоғары

Таластың өнімдеріне сұраныс жоғары
talas-gazet.kz
Облыс орталығында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәр­меңкесі өтті. Тараз қаласындағы әлеуметтік базар алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеде өзге аудандармен қатар, таластық шаруалардың өнімдері де ұсынылды.

Талас ауданының шаруалары бұл жолы қала тұрғындарына 250 келі жылқы, 500 келі қой, 200 келі балық, 300 литр айран, сүт, қымыз, шұбат және 100 келі құрт, май, ірімшік өнімдерімен қатар 5 тонна қауын, қарбызды саудалады. Нарықтағы құнынан 15-20 пайызға төмен бағада саудаланған өнімдерге көпшіліктің сұранысы жоғары болды.
— Жәрмеңкеге келушілер ет өнімдері бағасының әлдеқайда арзан екендігін айтып жатыр. Дәл осы күні коммуналдық базардың ашуылуы тиіс болатын. Жәрмеңкеге Қызыләуіттен «Айтуған» шаруа қожалығы (төрағасы Асанәлі Сағатбек) қауын-қарбыз, сонымен қатар С.Шәкіров ауылынан «Амангелді» (төрағасы Мәди Әжібеков), Кеңес ауылдық округіндегі «Дүйсен» (төрағасы Мадияр Бекбасаров), Аққұмдағы «Баймолда» (төрағасы Ердос Айжарықов) шаруа қожалықтары жылқы және қой еттерін жеткізсе, Берікқара ауылына қарасты шаруа қожалықтар айран, сүт, құрт, май, балық өнімдерін апарды.
Әлеуметтік базар жаңадан ашылып жатыр. Алдағы уақытта келушілердің саны әлдеқайда артады деген сенімдеміз.
Шаруалар жеткізген өнім ар­тылған жағдайда осы базардағы саудагерлер өздері алып, қала тұрғындарына ұсынатын болады. Бұл біз үшін үлкен жеңілдік болып отыр.
Тараз қаласындағы ауыл шаруа­шылық жәрмеңкесіне аудандағы шаруалар айына екі рет өнімдерін ұсынатын болады, — дейді аудан әкім­дігі ауыл шаруашылық бөлі­мінің бас маманы Ауданбек Ерубай.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар