Жаңалықтар

Талдықорған авиабазасына даңқты ұшқыш Сергей Луганскийдің есімі берілді

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекет басшысы Әуе қорғанысы күштерінің авиабазасын аты аңызға айналған ұшқыш Кеңес Одағының екі мәрте батыры авиация генерал-майоры Сергей Луганскийдің есімімен атауды ұсынған болатын.

Әскери бөлімнің аумағында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған ұшқыш бюсті ашылды.

Луганский соғыс кезінде 390 жауынгерлік миссия жасаған. Жеке өзі 36, топ құрамында 2 жау ұшағын атып түсірді.