Талибан наразыларды тарату үшін оқ жаудырды
Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» қозғалысының содырлары Кабулда өтіп жатқан Пәкістанға қарсы наразы топты тарату үшін оқ жаудырды.

ТАСС агенттігінің жазуынша, 70-ке жуық адам Ауғанстан астанасындағы Пәкістан елшілігінің алдына жиналып, пәкістандықтарға қарсы плакат көтеріп, ұрандатқан. Олар пәкістандықтардың ауған ісіне араласуын айыптаған. Тәліптер шерушілерді тарату үшін аспанға бірнеше рет оқ атқан.
Tolo News хабарлағандай, наразы топ қолында «Пәкістан, Пәкістан, Ауғанстаннан кет» деген жазу болған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысы тұрғындарының 50,2% вакцина алды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






