Жаңалықтар

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

Өтінімдерді қабылдау 25 шілдеде басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Естеріңізге сала кетсек, осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады.