дүйсенбі, 25 қараша, 2024 11:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тамызда 35-40 градус ыстық болуы мүмкін - Қазгидромет

Тамызда 35-40 градус ыстық болуы мүмкін - Қазгидромет
ашық дереккөзі
Тамызда 35-40 градус ыстық болуы мүмкін - Қазгидромет
«Қазгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы алдағы күндерге арналған ауа райының болжамын жариялады. «Маусым айында қатты ыстық 1, 2 онкүндіктің соңында және 3 онкүндіктің екінші жартысында байқалды. Шілде айында облыс аумағының басым бөлігінде 1 онкүндіктің басында, екінші онкүндіктің соңында қатты ыстық байқалды. 20-27 шілде аралығында қатты ыстық 39...44 градус аралығында болады. 28 шілде мен 1 тамыз аралығында жылудың 32...37 градусқа дейін аздап төмендеуі байқалады. Тамыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы 35...40 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде»,- дейді жергілікті мекеме мамандары. Тараз қаласы бойынша 22 шілдеде 42 градус, Жамбыл облысы бойынша 26 маусымда Мойынқұм ауданында 43 градус қатты ыстық байқалған. Мамандар жазғы уақыттарда Иран аудандарынан Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан арқылы Қазақстанның оңтүстік аудандарында, атап айтқанда Жамбыл облысының аумағына жылы ауа массалары келеді, бұл процесс көбіне маусым және шілде айларында байқалатынын айтады. Журналист: Лаура Рысбек
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар