Жаңалықтар

Танымал актер Артур Төлепов неге неке жүзігін таққысы келмейді

Шаңырақ көтергеніне 6 жылдың жүзі болған актер Артур Төлепов отбасы бола тұра, неке жүзігін тақпайды. Бұл туралы сұхбат барысында айтқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 


Ол неке жүзігін бірнеше рет жоғалтқандықтан, енді неке жүзігіне “жолағысы” келмейді. "Неке жүзігін тақсам, бір шешіп, бір киетін әдетім бар. Сол жаман әдеттің кесірінен, бірнеше рет неке жүзігін жоғалттым. Әйелім “тақпай-ақ қойшы” деп өзі айтты. Содан бері неке жүзігін тақпай жүрмін”, -дейді актер.