Жаңалықтар

Танымал дизайнер Жұлдызай Дүйсенбиеваға көлік сыйлады

Блогер әрі 11 жылдық тәжірибесі бар дизайнер Ғани Кубеев танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваға «Mitsubishi» су жаңа автокөлігін тарту етті - деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ғани Кубеев өзінің «Instagram» әлеуметтік парақшасында Жұлдызай Дүйсенбиеваға тосын сый жасап, көлік сыйлаған сәтін жариялады. Мұндай қуанышқа көңілі босап,  ағыл-тегіл жылап алғысын білдірген актрисаға желідегі оқырмандары да ізгі лебіздерін білдіріп жатты. Бірі «Құтты болсын! Тұлпарыңызды тек жақсылыққа, тойға мініңіз» десе,  енді бірі Жұлдызай Дүйсенбиеваның қарапайымдылығына таңданғанын жасыра алмай: «Сондай қарапайым ба расымен? Бұл кісі мұндай көліктің бірнешеуін алуға құдіреті жетеді-ау деп ойлаймын» деп пікір қалдырған.