Танымал кәсіпкер Тұрсен Алагөзов Шымкент сыра зауытын 8 миллиард теңгеге сатып алған
Кәсіпкер бұл туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып берді
Қазір төлеуге тиіс соманың жартысын яғни 50-60 пайызы ғана төленген , – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Шымкенттегі сыра зауытын 8 миллиард теңгеге сатып алдым. Бұл ақша менде болмағандықтан бөліп төлеуге келістік. Қазір 50-60 пайызын төлеп тастадым. Есептеуім бойынша, осы жылдың соңы, келесі жылға дейін барлық сомасын төлеп бітеміз. 12 млрд теңгеге инвестиция жасап, жаңа құрылғылар алдық, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сонда бұл бизнеске 20 млрд теңге жұмсадым. Мұндай қаражаттың артында үлкен тәуекел тұр. Біріншіден, мұнда 10 гектар жер бар. Есептеп қарасақ, аз дегенде жер 5 млрд теңге тұрады. Бұдан басқа құрылғылар, технологиялар бар»
Сонымен қатар меценат сыраның өзгеше дәмін де шығару жоспарда бар екенін айтты. Және де 8 млрд теңге зауыт үшін жақсы баға деп ойлайды кәсіпкер
«Бұл кәсіп мен үшін жауапкершілік. Оны түсінемін. Өзіммен күрес деп айтар едім. Бұл – мен үшін жаңа тәжірибе. Маған энергия береді. Жалпы сыраны тұтынушыларымыздың сұранысына, талабына сай дайындаймыз. Баян Мақсатқызы сыра ішуге тыйым салған. Бизнес үшін дегустация жасап көрейік. Қараңызшы, қандай керемет иіс шығып тұр. Тура нанның иісі. Болашақта алкогольсіз сыра жасау ойда бар. Бірақ ол алкогольді сыраға қарағанда қымбат болады», – деді Тұрсен Тұрымұлы.