Жаңалықтар

Танымал әнші көптің алдында 101 рет қой көтеріп, рекорд орнатты (Видео)

Қазақстандықтарға кеңінен танымал «Ал, давай» тобының бұрынғы әншісі Шоқан Маратұлы 101 рет қой көтеріп, көпшілікті тәнтті етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қой көтеру жарысына қатысқан жігіттердің ешқайсысы Шоқанның рекордын бұза алмады. Олардың көбі сезім қойды 60-70 реттен көтеріп жатты. 


Ал қарсыластарын артта қалдырған әнші 17 жылдан бері денсаулық саласын зерттеп жүргенін, адамның мүмкіндігі шексіз екенін айтады. 


Шоқан қара күштің иесі екенімен қоса, мәрт жігіт екенін көрсетті. Жеңімпаз ретінде өзіне тиесілі қойды қарсыласына тарту етті.