Жаңалықтар

Танысына сенемін деп, жарты миллион теңгесінен айырылды

Жамбылдық тұрғын пәтер алу үшін танысына 550 мың теңге берген

Қордай ауданының полиция бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын азаматша  хабарласып, бірнеше ай бұрын мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге уәде берген танысына жарты миллион теңге бергенін айтып шағымданған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында оның 2021 жылы тағы бір азаматшаға тұрғын үй сатып алуға көмектесуге уәде беріп, 550 мың теңгесін алдап алғаны белгілі болды. Қылмыскерге бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.