дүйсенбі, 25 қараша, 2024 1:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы пара алғаны үшін сотталды

Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы пара алғаны үшін сотталды
ашық дереккөзі
Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы пара алғаны үшін сотталды
13 шілде күні Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Ержан Шымырқұлов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат ақпарат. Жамбыл облысындағы антикордың мәліметінше, Бағлан Абдухаликов пен Ақмарал Баймұханова тобымен пара бергені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал Марат Байжанов пара бергені үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелді. «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның негізінде залал келтіруге әкеп соқпаған ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін Марат Байжанов негізгі жазадан босатылды. Қылмыстылардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - деп жазды ведомстводан. Айта кетейік, өткен жылдың қараша және желтоқсан айларында Шымырқұлов Байжановтан және Абдухаликов пен Баймұхановадан салық төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындамауға ықпал еткені үшін 90 000 теңге және 1 250 000 теңге көлемінде бірнеше рет пара алған. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар