Жаңалықтар

Тараз қаласы тұрғындарының саны шамамен 428 мыңды құрап отыр

Тараз қаласы тұрғындарының саны шамамен 428 мыңды құрап отыр

Бұдан әрі шаһарды дамыту үшін Тараз 2 әкімшілік ауданға бөлінеді. Шекаралары бекітілді, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қала әкімі брифингкте “Бұл өзгеріс не береді?” деген сұраққа жауап берді. Екі аумаққа бөліну арқылы бірінші кезекте қаланы дамытуға бөлінетін қаражат көзі артады. Сәйкесінше, жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, инфрақұрылым тартылып, өнеркәсіп саласы дамиды. Қалаға жаңа инвестициялар тартылады. Бақытжан Орынбеков облыс орталығы жан-жақты дамитын болады, деді. Дереккөз: https://www.instagram.com/p/Cr2TV-YNsmv/?igshid=MDJmNzVkMjY=