Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде
- авторМағжан Орынбасар
- 31 мамыр, 2025
- 604
Ағымдағы жылдың 31 мамырында Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Тараз қаласында «Қалқан-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізілуде.
Жаттығулар әртүрлі қиындық элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын. Оқу-жаттығу аясында халықтың және көлік құралдарының қозғалысын шектеу бойынша уақытша шаралар көзделген.
Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.
Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы
Ұқсас жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025






