Жаңалықтар

Тараз қаласындағы колледждің біріне бомба қойылған

Тараз қаласындағы колледждің біріне бомба қойылған

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Тараз қ. Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Жамбыл политехникалық колледжінен Тараз қаласының Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшесіндегі оқу орнының барлық корпустарына жарылғыш заттар қойылғаны және 1 сағатта жарылатыны туралы telegram парақшасына белгісіз абоненттен хат түскендігі туралы хабарлама келген. Шақырту орнына жедел түрде Полиция департаментінің 22 автоэкипажы, 100 полиция қызметкері, арнайы саперлер мен кинолог мамандары, Төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды. Колледж қызметкерлері мен студенттер және басқа да азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылғыш зат анықталған жоқ. Полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тергеп-тексеру амалдары басталды.