бейсенбі, 29 мамыр, 2025 5:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қаласында жанармай сақтау қоймасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Тараз қаласында жанармай сақтау қоймасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Тараз қаласындағы “Бизнес ойл” жанармай сақтау қоймасы аумағында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шараның негізгі мақсаты – өрт қауіпі туындаған жағдайда жедел әрекет ету машығын жетілдіру, нысанның құрылымдық ерекшеліктерімен танысу және жеке құрамның үйлесімді жұмысын пысықтау болды.

Оқу-жаттығуға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 6 арнайы техника мен 35 қызметкер жұмылдырылды. Олардың қатарында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басқармасы, Тараз қаласы ТЖ басқармасы, Кезекшілік өрт сөндіру қызметі және Медициналық апаттар қызметінің мамандары бар.

Шартты сценарий бойынша: “Бизнес ойл” жанармай сақтау қоймасы аумағында жанармай тасымалдайтын автокөлікке жанармай құю кезінде техникалық қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан өрт шыққан. Оқиға орнында алғашқы болып әрекет еткен қойма қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенге дейін бастапқы қауіпсіздік шараларын жүргізіп үлгерді.

Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, өртті сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Өртті сөндіру барысында ГПС-600 және Пурга-30 оқпандары арқылы көбікті қолдану тактикасы пайдаланылды. Сонымен қатар, қойма аумағында орналасқан жанармай резервуарлары лафетті оқпандармен суытылып, өрттің таралуының алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде шартты өрт сөндіріліп, 1 адам құтқарылды, ал 15 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Іс-шара соңында азаматтық қорғау қызметкерлері жанармай сақтау қоймасының инфрақұрылымымен және қауіпті аймақтарымен егжей-тегжейлі танысты. Сондай-ақ, нысан қызметкерлерімен бірге өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар