Жаңалықтар

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков соңғы 6 айда 64 жеке қабылдау өткізген

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 293 қала тұрғынына жауап берді – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Шаһар басшысы қабылдауына келген тұрғындар өз кезегінде сан  алуан сұрақ қойған. Көп көпқабатты үй алдына спорт алаңын салып, Қыпшақбаев көшесін кеңейту керектігі жөнінде ұсыныс білдірген. Сондай-ақ, су құбырын тарту, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар мәселелер көтерілген. Кәсіпкерлік мақсатта нысан салу үшін жер телімін бөлу туралы да айтылды. Зерделеу жұмыстарынан кейін барлық сауалдар заң аясында шешімін табатындығы айтылып, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырылды.