Тараз қаласының әкімі «Көне қамал» нысанының құрылысымен танысты
Көне қамал» нысанының құрылысы 2026 жылы аяқталады деп күтілуде
«Тектұрмас» этно-тарихи кешені қала тұрғындары мен туристердің жиі келетін орны. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тапсырмасымен мұнда жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ,- деп хабарлады jambylinfo.kz.
Бүгін шаһар басшысы кешенге арнайы келіп, «Тектұрмыс» кешені аумағындағы «Көне қамал» нысанының құрылысымен танысты. Жоспар бойынша оның құрлысы 2026 жылы аяқталады.
Сондай-ақ Бақытжан Орынбеков тарихи кешенде отырғызылған талдар мен су жүйесін көрді. Қазір аталған аумақтың айналасына 3600 ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Былтыр мамандар 2600 шырша мен қарағай ексе, биыл мың түп ағаш егуді қолға алуда. Олардың уақытылы күтіп-баптау, суғару жұмыстары шаһар басшысының тікелей назарында.