Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»:500 мыңнан аса жамбылдық экологиялық науқанға белсене қатысты

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды

Аймақ басшысы қатысқан кеңесте  «Таза Қазақстан» республикалық акциясының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. , деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Соңғы мәліметтер бойынша 500 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға белсенді қатысқан. Оның ішінде, тұрғындар, ардагерлер мен жастар, ҮЕҰ өкілдері және түрлі мекеме қызметкерлері бар.

Ербол Қарашөкеев «Таза Қазақстан» акциясының іске асырылу барысына жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп, қорытындысы апта сайын қаралатынын атап өтті.