дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз базарында өрт шықты

Тараз базарында өрт шықты
ашық дереккөзі
Тараз базарында өрт шықты
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде сағат 07.52-де Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының "101" телефонына Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесіндегі "Береке" базарының асханасы мен сауда дүңгіршектерінде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жоғары шақырту бойынша Департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдары, атап айтқанда 56 қызметкер және 13 техника шықты. Өрт сөндірушілердің жалпы күшімен өрт 08 сағат 30 минутта оқшауланды, өртті жою жұмыстары жалғасуда. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар