жексенбі, 6 қазан, 2024 0:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тараз» футбол клубына жаңа басшы келді

«Тараз» футбол клубына жаңа басшы келді
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
52 жасар Әлімбек Жұмабаев «Тараз» футбол клубын басқарады

Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов ФК ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

"Әлімбек Жұмабаев - Жамбыл облыстық футбол федерациясының басшысы. Тағайындау клуб директоры лауазымына жарияланған конкурстың үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша жүзеге асты.  Ә.Жұмабаев бұрын да «Тараз» футбол клубына басшылық еткен. Жаңа директордың алдына жамбылдық футболды өркендету тапсырмасы қойылды", -деді басқарма басшысы.  

52 жастағы Әлімбек Жұмабаев Жамбыл облысында өмірге келген, жоғары білімді Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-да алған. Шахматтан бапкер болып жұмыс істеген, одан кейін бизнес саласына ауысты. Жамбыл облыстық футбол федерациясын 2006 жылдан бері басқарады. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар